Shejire

Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші — Алматы қаласындағы Төле би көшесінде саябаққа кіре берісте, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына орай қойылған (1996). Мүсіншісі — З.Тастеков, архитекторлары — Б.Мұсаев, С.Дембай, Н.Баекеев. 1986 жылғы желтоқсанда Алматыдағы бас алаң жастардың коммунистік жүйе режимі әміршіл-әкімшіл аппаратына қарсы алғаш үн көтерген орны болды. Осы қозғалысқа қатысқан Алматы архитектура академиясының студенті Қайрат Рысқұлбеков Желтоқсан оқиғаларына қатынасқаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Оның есімі Тараз қаласындағы мәдениет және демалыс саябағына, Алматы мен Тараз қалаларындағы көшелерге берілді. Ескерткіштің мүсіндік-архит. композициясы әр түрлі биіктікте қиғаш кесіліп, үш сатылы тұғырға орнатылған үш-қырлы призмалар түрінде шешілген. Орталық призманың жылтыр бетінде батырдың кеудеге дейінгі бейнесі сомдалған. Тұғыры – ақ мәрмәрдан,мүсін – шыңдалған мыстан құйып жасалынған. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 10 метр.

Дереккөздер