Қайдар Айтжанұлы Әбдірахманов
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Қайдар Айтжанұлы Әбдірахманов (10.5.1936 жыл, Ақмола облысы Атбасар ауданы - 6.02.2012 жыл) — ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1983), профессор (1985), Қазақстан Ғылым Акедемиясының академигі (2004).
Өмірбаяны
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1958). 1958 — 1995 жылы Қазақстан Ғылым Акедемиясының Геология ғылымдар институтында инженер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі болды. 1996 жылдан “Казнедра” ғылыми-өндірістік бірлестігінде департамент директоры.
Ғылыми жұмыстары
Көп циклді иілімді атыраптардың гранитоидты жыныстарының қалыптасуының формациялық-петрохимиялық теориясын жасады, оның негізінде граниттерді 12 петрохимиялық түрге жіктеді. Порфирлі жыныстардың сілтілігі пен қышқылдығының арасындағы кері корреляттануды анықтау негізінде колчедан-полиметалл кендерінің қалыптасу ерекшеліктерін тапты. Темір, марганец, полиметал кендерінің түзілуіндегі көлденең және тік бағытты минералды-геохимиялық белдемділікті ашты. Геология және металлогения саласындағы іргелі теория зерттеулері Қазақстанның Солтүстік Балқаш, Кіндіктас — Шу — Іле аймақтарындағы кендерді болжамдауға және игеруге негіз болды. Әлемдік және қазақстандық деңгейдегі плиталық петрометаллогенияның теориялық негіздерін қалаушы. Түрлі геодинамикалық дәрежедегі кеннің магматикалық формацияларының карталары мен мамандандырылған петрометаллогендік карталарды жасаушы.
Шығармалары
Петрология и металлогения щелочных пород Таласского Алатау, А.-А., 1965; Гранитоидные формации Казахстана и типы фанерозойского гранитообразования, А.-А., 1986.