Shejire

Пышақшытөбе

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Пышақшытөбе – орта ғасырдағы шағын қаланың орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Географиялық орны

Отырар ауданы Темір стансасының оңтүстік-батыс жағында 11 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1969-1970 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Аумағы батыстан шығысқа қарай 138 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 110 м. Басқа жағына қарағанда батыс жағы аласа, тік бұрышты, биіктігі 7,5 м. Шығыс жағының биіктігі 11,5 м. Алаңның төңірегінде топырақ төмпешіктің ізі бар. 1949 жылы экспедиция батыс алаңның шығыс жағының орта шенінің үш қабатын қазды. Екінші қабатынан қабырғаға қаланған шикі кірпіш, қыш ыдыстардың сынықтары табылды. Қазба барысында табылған материалдарға қарағанда, қалашықта тұрғындар VI-X ғасырларда өмір сүрген.

Дереккөздер

Сведения

Қалануы
VI-X ғасырлар
Орналасуы
42°49′07″ с. е. 68°17′56″ ш. б. / 42.81861° с. е. 68.29889° ш. б. / 42.81861; 68.29889 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай