Shejire

Өзбек Ақжолұлы

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Өзбек Ақжолұлы (1871, қазіргі Т.Рысқұлов аудыны Ақыртөбе өңірі – 1934, сонда) – жыршы, ақын. Ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан. Жасынан жыр-термелер айтып, бірсыпыра ақындармен (Үсібәлі, Балқыбек, т.б.) айтысқан. Шығыс әдебиетінің әйгілі шығармаларын жатқа айтып, «Мың бір түннің» оқиғалары негізінде бірнеше дастандар жазған. Ол шығармаларында үстем тап өкілдерін, дін иелерін сынайды («Зәредей жазым болып жолдан тайса, Тозаққа қожа, молда, ишан кетер», т.б.). Өзбекттің ел аузынан жазып алынған дастан-жырларында ар, парыз, қайырымдылық, кедейлерге қамқорлық мәселелері сөз болады. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.

Сілтемелер

Жыр Ақын Дастан

Дереккөздер