Shejire

Өрнек қала орны

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Өрнек қала орны – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген көне қала орны.

Орналасқан жері

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылынан оңтүстікке қарай 6 км қашықтықта, Сұлутөр шатқалынан шығатын Алтынсу мен Шұбырынды өзендерінің жағасында орналасқан.

Зерттелуі

1985-86 жылдары К.М. Байпақов жетекшілік еткен экспедиция зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Сипаты

Өрнек қаласының орталық бөлігі аумағы 155×160 м болатын төрт бұрыш пішінді, жан-жағы дуалдармен қоршалған. Қоршаудың қазіргі қиранды үйіндісінің биіктігі 5 м-ге, ені 11 – 15 м-ге жетеді. Қоршаудың бойында 31 күзет мұнараларының орындары сақталып қалған. Қазба жұмыстары Өрнектің 8 – 12 ғасырда гүлденген қала болғанын көрсетеді. Қазба жұмыстары барысында тастан безендіріліп жасалған 4 колонна табылды. Мықты бекіністің, мешіттің, әсем сарайдың орындары табылуы Өрнектің кезінде жоғары дамыған қалалар қатарына жататындығын айғақтайды. Ортағасырлық географтар – Ибн Хордадбек пен Құдама Тараз бен Құлан арасында Касриабас, Күлшуб, Жулшүб деген қалалардың болғанын жазып қалдырған. Осындағы Күлшуб қаласы Өрнек болса керек.

Мәртебесі

2014 жылы Өрнек қалашығы «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылды. 2017 жылы Өрнек республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Дереккөздер

Сведения

1
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
2
Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері
3
Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері: Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы
4
Жібек жолы бойындағы қалашықтар: Ақтөбе, Ақыртас, Қарамерген, Қойлық, Қостөбе, Құлан, Өрнек, Талғар
5
Батыс Тянь-Шань: Ақсу-Жабағылы қорығы, Қаратау қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық паркі
6
Тұран ойпатының суық шөлдері: Алтынемел ұлттық паркі, Барсакелмес қорығы, Қасқақұлан
Таразда
Тараз қалашығы • Көне көпірдің қирандылары • Қали Жүніс моншасы • Қарахан кесенесі • Тектұрмас күмбезі • Шамансұр күмбезі • Әбдіқадыр мешіті • Жүніс бай мешіті …
Қалануы
VIII ғасыр