Орда-базар
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Орда-базар — XIII–XV ғасырларда Қазақстанда болған түркі-моңғол ұлыстары билеушілері ордасының атауы. Кейбір деректерде Алтын Орданың алғашқы ханы Батудың ордасы деп аталады. Ә.Марғұланның пікірінше, Орталық Қазақстандағы Қаракеңгір өзені бойында орналасқан. XV ғасырдың 1-жартысында Әбілхайыр хандығындағы ноғай беглербегі Уақас, өзінің билеушісі үшін “екі рет Сайын ханның (Бату) тағын басып алады”. Осыдан кейін Әбілхайыр хан өз астанасын Тура (Уимчи-Тура) қаласынан Орда-Базарға көшіреді. Осында Әбілхайырдың саясаты насихатталып, оның атынан теңге шығарылады. Осы кезеңдегі Орда-Базар жайында Масуд бин Осман Кухистани өзінің “Тарихи-и Абулхайр-хани” атты шығармасында “киелі орда, Дешті Қыпшақтың астанасы” деп жазады. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Орда-базар ақша сарайының қызметін атқарған. Қазба жұмыстары кезінде қалашық орнынан мыстан, қоладан жасалған монеталар көптеп табылған.
Дереккөздер
