Shejire

Оразкелді

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Оразкелді (туған-өлген жылы белгісіз) — қазақ-жоңғар соғысының батыры, елші. 1733–1734 жылдары Ұлы жүз ханы Жолбарыстың елшілері Оразкелді мен Аралбай Кіші жүздегі Ерәлі сұлтанмен бірге Ресейге барып, патшайым Анна Иоанновнаға Ұлы жүздің Төле би, Қодар, Сатай, Хангелді, Бөлек сынды батырларының атынан жазылған хатын тапсырды. 1734 жылы 9 сәуірде Оразкелді мен Аралбай Ресей Сыртқы істер министрлігі коллегиясында қабылдауда болды. Осы жылдың 10 шілдесінде Анна Иоанновна қабылдап, елшілер Ұлы жүздің өкілдері атынан өздерін Ресей бодандығына қабылдауды сұраған. Ол Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа қалалары мен Ресей арасындағы сауда байланысының жандануына атсалысқан. Оразкелді жоңғарлармен шайқастарда қол бастап, ерлігімен көзге түскен айбынды батырлардың бірі болды.

Дереккөздер