Shejire

Нүркен Мырзаханұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Нүркен Мырзаханов — биология ғылымдарының докторы, профессор, физиолог, ғалым-педагог.

Өмірбаяны

Нүркен Мырзаханов 1947 жылы 7 ақпанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған.

Ғылыми бағыты

Ішек лимфасының ағыны мен иондық және белоктық құрамдарына рефлекторлық әсерлер, вегетативтік ганглийлердің лимфа ағынына әсері, лимфа мен қандағы белоктардың алмасуы, ауылшаруашылығы малдарының лимфа айналымының функционалдық ерекшеліктері, лимфа бездерінің жиырылуы мен реттелісі, лимфа бездерінің нерв талшықтарындағы катехоламиндердің арақатынасы, лимфа жүйесін зерттеу тәсілдерін жетілдіру, өзіндік арнайы хирургиялық тәжірибе әдістемелері, мидың маңдай бөлігінің лимфа ағынына әсері, мысықтың маңдай қуысы құрылымының ерекшеліктері, лимфа жүйесінің, оның ішінде лимфа бездері мен тамырларының организмдегі зат алмасу, қорғаныс және бейімделу қызметтеріне қатынасы, адам денсаулығының қалыптасуы, сақталуы және жетілдірілуі, экологиялық проблемалар, экологиялық зерде немесе экологияның имандылық негіздері, қазіргі мерзімдегі оқыту концепциясы, әлемдік үрдістермен (эдукология) қауышқан ұлттық педагогикалық әдістемелер, ғылыми жаңалықтар жатады.

Ғылыми жұмыстары

1. Лимфоциркуляция (Алматы, 1994) - монография (орыс тілінде) 2. Лимфа айналымы (Алматы, 2001) - монография (қазақ тілінде) 3. Лейкоциттер айналымы (Астана, 2002) - монография (қазақ тілінде) 4. Лимфа жүйесінің құрылымы мен қызметі (Қарағанды, 2006) - монография (қазақ тілінде) 5. Регуляция кишечного лимфообращения (Қарағанды, 2010) - монография (орыс тілінде) 6. Функциональные особенности лимфообращения сельскохозяйственных животных (Алматы, 1995) - док.дисс. (орыс тілінде) 7. Биомониторинг и охрана здоровья населения Центрального Казахстана (Караганды, 2010) - монография (орыс тілінде) 8. Физиология. Тәжірибелік оқу құралы (қазақ тілінде) 9. Физиология. Учебник-практикум (Алматы, ЭВЕРО, 2021), (орыс тілінде) 10. Physiology. Practical Textbook (Астана, 2023), (ағылшын тілінде) 11. Ауылшаруашылығы негіздері. Оқу құралы (Астана, 1999), (қазақ тілінде) 12. Физиологиялық терминдердің орысша-қазақша сөздігі (Астана, 2000) 13. Лимфатическая система. Сборник научных статей. (орыс тілінде) 14. Scientific Articles on the Lymphatic System (Sеmеу, 2023) - nur-47.org Мұрағатталған 3 сәуірдің 2025 жылы. 15. Педагогикалық валеология негіздері. Оқу құралы (Қарағанды, 2010)

Қоғамдық жұмысы

1. "Өмір-сонар" атты кітабы (2006) (автобиография, шығармашылық, публицистика) - omyrsonar.org 2. "Жүректерге сапар": өлеңдер, әндер, жинағы (қазақ тілінде) - to-hearts.org(қолжетпейтін сілтеме) 3. "Өзге емес, өзіме айтам өз жайымды" мақалалар мен сұхбаттар жинағы - nurken47.org 4. Экологиялық эссе" кітабы (2006): 5. "Денcаулық педагогикасы" кітабы (2005) 6. "Адам болмысы - сана болмысы" кітабы (2014) 7. "Валеология. Экология. Образование (Сборник статей)", на русском языке, Караганды, 2009 8. "Экология: Тәжірибе және менталитет" оқу құралы// Қарағанды, 2008, қазақ тілінде

Марапаттары

1. Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры. 2. Халықаралық Сократ сыйлығының иегері. 3. Қазақстан Республикасы Биология саласының тұңғыш рет президент стипендиаты. 4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының озат оқытушысы. 5. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Ассоциациясы, Ахмет Байтұрсынов атындағы алтын медалінің иегері. 6. Ресей Федерациясы Халықаралық Кәсібім-Өмірім сыйлығының лауреаты. 7. Ресей Федерациясы ҰҒҚА Клиникалық лимфология саласының пионері. 8. Қазақстан, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 163 тұрғын үйі, Ескерткіш тақта, 2023ж. 9. Қазақстан Республикасы, Семей, Шәкәрім университеті, Ғалымдар мұражайы, 2023ж.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Нүркен Мырзаханұлы
Сайты
nur-477org, omyrsonar.org, to-hearts.org және т.б.
Жұмыс орны
Астана қаласы Технология және бизнес университеті
Туған жері
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы.
Туған күні
7 ақпан 1947 (1947-02-07)
Азаматтығы
Қазақстан
Альма-матер
Семей малдәрігерлік-зоотехникалық институты (Шәкәрім университеті)
Ғылыми аясы
Физиология, биология, педагогика, валеология, экология
Марапаттары
Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры, Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты, Биология саласындағы тұңғыш рет президент степендиаты, ҚР жоғары о…