Shejire

Нұрила (Нүрила) Әбенқызы

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Нұрила (Нүрила) Әбенқызы (1894, Алматы облысы Қаскелең ауданы Кемертоған ауылы – 1921, сонда) – айтыскер ақын. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Нұрила 1918 жылы бір жиындағы айтыста Бармақ, Арғынбай, Мақыш ақындарды қатар жеңіп, Жетісу өңіріне кеңінен танылған. Келесі жылы аталған ақындармен қоса Үмбетәлі, Саяділ, Шүкітай, Оспан, т.б. он бір ақынмен кезек айтысып, жүлде алған. Бұл айтысқа Жамбыл төрелік айтып, Нұриланың ақындығын жоғары бағалаған. Кейін Үмбетәлімен сүре айтысында сөз сынасқан, бұл сөз сайысы “Айтыс” жинағына енген (1965). Ақынның “Жаңа таң” атты жыры ел аузында сақталған.

Сілтеме

Айтыс

Дереккөздер