Shejire

Мир Қадырбаев

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Мир Қадырбаев (1932- 1980) — археолог, ғалым, тарих ғылым кандидаты (1959).

Биографиясы

1955 ж. Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1955-58 ж. Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында аспирантурада болды, кейін археология бөлімінде қызмет атқарды. Бірнеше жыл Орталық Қазақстан археология экспедицияның Қаратау тобын басқарған. Орталық Қазақстанда ерте көшпелілер археологиясын зерттеп, "тасмола мәдениетін" бөліп көрсеткен. Қола және ерте темір дәуірлеріне жататын ежелгі металлургтер, малшылар мен егіншілер ескерткіштерін зерделеген. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі петроглифтер шоғырын талдап, байырғы халықтардың дүниетанымын, мәдениетін саралаған. 60-тан астам ғылыми еңбектер мен ғылыми көпшілік зерттеулерінің авторы. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (1966). ЮНЕСКО-ның "Орталық Азия мәдениеттерінің тарихы туралы" бөлімінде бірнеше рет айтылады. Мир Қасымұлы алғаш рет жеке категорияларға қатысты зерттеулер жасайтын. Соның ішінде сақ жануарлар стилінің генезисіне біраз назарын аударды.

Шығармалары

Шығармалары: Древняя культура центрального Казахстана, Алма-ата, 1966 (телавт.); Наскальные изображения хребта Каратау, Алма-ата, 1977 (телавт.); Сокрови¬ща древнего Казахстана, Памятники мемориальной культуры. А.-а., 1979 (телавт.).

Дереккөздер

Әдебиеттер

Вопросы археологии Казахстана, выпуск 2. Сборник научных статей, Алматы, 1998.

Место в родословной

Сведения

персона
Мир Қадырбаев
Туған жері
Шымкент
Туған күні
1932 (1932)
Альма-матер
Ленинград Университеті тарихи факультеті
Ғылыми аясы
Археология
Марапаттары
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық
Қайтыс болған күні
1980 (1980)