Shejire

Мекерия Атымов

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Мекерия Атымов (12 қаңтар 1935, Маңғыстау облысы Шетпе ауданында дүниеге келген - 1994, Алматыда қайтыс болған, мүрдесі туған жері Маңғыстаудағы Шетпе ата-баба зиратына қойылған) — ғалым, филолог, ғылым докторы.

Өмірбаяны

Атырау оқытушылар интернатын (1954), Орал педогогикалық интернатын (1959) бітірген. 1954 - 1956 ж. Маңғыстау ауданында мұғалім, 1956 -1959 ж. Маңғыстау ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы, 1959 -1961 ж. Орал педогогикалық интернатында оқытушы, 1961 -1964 ж. Әдебиет және өнер интернатында аспирант, 1965 - 1989 ж. осы интернатта кіші аға ғылыми қызметкер, 1989 - 1994 ж. жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

Еңбектері мен шығармалары

Қазақ романдарының стилі мен поэтикасы саласында зерттеулер жүргізген. Атымов Макерия "Сөз зергерлері" (1966), "Шеберлік проблемасы" (1968), "Қазақ әдебиетіндегі жанр проблемасы" (1971), "Әдебиеттану" (1972), "Жазушы және қаламгер" (1974), "Стиль проблемасы" (1974), "Дәстүр мен жаңашылдық" (1980) сияқты ұжымдық зерттеу еңбектерге ат салысқан. Атымов Мекерия бірқатар ғылыми еңбектер мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралдарының авторы. Шығармалары: Көркем шығарманың композициясы, А., І969; Идея және композиция, А., 1970, Қазақ совет романдарының поэтикасы, А., 1975; "Ақ Жайық" және "Қан мен тер" романдарының стилдік ерекшеліктері, А., 1975; Қазақ романдарындағы замандастар бейнесі, 1977; Қажым Жұмалиев, А., 1987; М.О. Әуезовтің "Абай жолы" романының поэтикасы, А., 1989; Шындық және шығарма, А., 1990.

Естелік

Маңғыстау облысы Шетпе кентіндегі бір қазақ орта мектебі Атымов Мекерия атында.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Мекерия Атымов
Туған жері
Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы, РКФСР, КСРО
Туған күні
12 қаңтар 1935 (1935-01-12)
Азаматтығы
 Қазақстан КСРО (1935-1991)
Ғылыми аясы
филология
Несімен белгілі
Қазақ романдарының стилі мен поэтикасы саласында зерттеулерімен
Ғылыми дәрежесі
филология ғылым докторы
Қайтыс болған жері
Алматы, Қазақстан
Қайтыс болған күні
1994 (1994)