Shejire

Марс Фазылұлы Үркімбаев

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Марс Фазылұлы Үркімбаев (23 қараша 1939 жыл, Алматы – 18 ақпан 2012 жыл, Тараз) — қоғам қайраткері, ғалым, техникалық ғылым докторы (1984), профессор (1984), ҚР Инженер академиясының академигі (1992). Қазақ химия-технологиялық институттын бітірген (1962). 1962 – 1968 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институттының, Мәскеу Жоғары техникалық училищесінің аспиранты. 1969 – 1973 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институттының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы. 1971 – 1991 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттының ректоры. 1990 – 1992 жылдар аралығында аймақтық «Тараз» сыртқы-экономикалық ассоциациясының бас директоры – Жамбыл облысы атқару комитетті төрағасының орынбасары. 1992 – 1994 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімшілігінің басшысы, Қазақстан ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстан бөлімшесінің төрағасы, ҚР-ның экономика министрі. 1994 – 2002 жылдар аралығында Халықаралық «Интеграция – Оңтүстік» қорының президенті, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті, ҚР-ның жұмыс берушілер конфедерациясы басқармасының төрағасы, «Қазфосфат» компаниясының құрметті төрағасы. 2002 жылдың ақпан айынан «Каспий Банкі» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Шығармалары

Машинажасау саласындағы жетекші ғалым, көрнекті қоғам қайраткері. Ол машина тетігінің беріктігін арттыру жолдарының бірқатар жаңа бағыттарын қалыптастырды және дамытты. 9 монографияның, әр түрлі басылымдарда жарияланған 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту, «Алтын барыс», «Құрмет» ордендерімен және медальдармен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты, Тараз қаласының құрметті азаматы. Берлин, Калифорния, Лондон, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, т.б. бірқатар университеттердің құрметті профессоры.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Марс Фазылұлы Үркімбаев
Ізашары
Сансызбай Бекбосынов;
Ізбасары
Зауытбек Тұрысбеков
Мамандығы
механик
Қайтыс болуы
18 ақпан 2012 (2012-02-18) (72 жас) Тараз, Қазақстан
Дүниеге келуі
23 қараша 1939 (1939-11-23) Алматы, Қазақ КСР, КСРО
Ғылыми дәрежесі
техника ғылымдарының докторы