Марат Нығметжанұлы Мұхаметжанов
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Марат Нығметжанұлы Мұхаметжанов (1940-1981) - биоорганикалық химия, табиғи қосылыстар химиясы саласындағы белгілі ғалым, химия ғылымдарының кандидаты (1971).
Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген (1962). Целиноград медицина училищесінің мұғалімі (1962-65). Целиноград медицина институтының бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының ассистенті (1965-1972). ҚарМУ-дің аға оқытушысы, органикалық химия кафедрасының доценті (1972-77). 1977 жылдан ҚазКСР ҒА Химия-металлургия институтының гербицидтер зертханасының меңгерушісі. ҚарМУ-ге академик Е.А. Бөкетовтің шақыруымен келген, Орталық Қазақстанда табиғи қосылыстар химиясының негізін қалаушы. 40-қа жуық ғылыми еңбектің авторы. Ғылыми еңбектері табиғи және физиологиялық белсенді қосылыстар химиясына арналған, атап айтқанда, Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығын ұйымдастыруға негіз болды.