Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві – ғылыми-құжаттық мекеме.
1973 жылдары ұйымдастырылған. Архив қорында: қалалық, аудандық, атқару комитеттерінің, ауылдық кеңестердің тарихи құжаттары жинақталған. Маңғыстау өңірінде тұңғыш ұжымдық шаруашылықтардың пайда болуы, мал шаруашылығын дамыту мәселелері 1941 – 1945 жылдары соғыс кезіндегі майданға көмек, экономиканы соғыс жағдайына бейімдеу, одан кейінгі дәуірдегі өнеркәсіп, ауылы шаруашылығының дамуы, оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау салаларының дамуын сипаттайтын құжаттар шоғырланған. Құжаттар саны 159 мыңға жуық. Құрамында бір қала (Жаңаөзен қаласы), төрт ауданы, бөлімшесі бар. Ғылыми-анықтамалық әдебиеті 500-ге жуық.