Shejire

Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков (15.1.1929 жылы туған, Түркістан облысы қазіргі Шардара ауданы Шардара кенті - 20.05.2015, Алматы) – тарих ғылымдарының докторы (1974), профессор (1983), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техникалық қайраткері.

Өмірбаяны

Шанышқылы тайпасының Қатаған руынан шыққан. Шымкент мұғалімдер институтын (1948) және ҚазМУ-дың тарих факультетін (1954) бітірген. 1958 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде ғалым-хатшы (1963–68), аға ғылыми қызметкер (1968–80), бөлім меңгерушісі (1981–1984, 1985–1992), институт директорының орынбасары (1984–1985) болды. Оның жетекшілігімен 12 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты дайындалды. Қазақстандағы тарихи демография ғылымы мектебінің негізін қалады. 200-ден астам ғылым еңбек жазды. «Қазақстан темір жол кадрларының қалыптасуы және дамуы. 1917–1970» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Ғылым қызметінің негізгі бағыты – 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономика және саяси жағдайы мен демографиясының даму процестері.

Шығармалары

Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1907–1970 жж.), Алматы, 1973; Демографические процессы современного Казахстана, Алматы, 1995 (в соавторстве с В. Козиным).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Көрнекті тарихшы-ғалым М.-А.Х. Асылбеков – 80 жаста Мұрағатталған 6 қазанның 2012 жылы. www.wap.inform.kz Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.

Место в родословной

Сведения

персона
Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков
Ұлты
қазақ
Қызметі
жазушы, профессор, академик
Туған күні
15 қаңтар 1929 (1929-01-15)
Азаматтығы
 Қазақстан КСРО (1929-1991)
Қайтыс болған жері
Алматы, Қазақстан
Қайтыс болған күні
20 мамыр 2015 (2015-05-20) (86 жас)