Shejire

Күнді қаласы

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Күнді қаласы - Іле өзенінің бойында болған көне қала. Жазба деректерде аталғанымен дәл қай жерде орналасқаны анықталмаған. Түркештердің алғашқы қағаны Үш Елік (Үшлік) өзінің қағандығын басқаруды бір жүйеге келтіру үшін өкімш. өзгерістер жүргізгенде иелігіндегі жерін Ұлы және Кіші Орда етіп екіге бөлген. Ұлы Орданың орталығы ретінде Шу өзенінің басындағы Суяб қаласын белгілесе, Кіші Орданың орталығын Күнді қаласы етіп бекіткен. Бірқатар зерттеушілер Күнді қаласы атауын Қаялық (Қойлық) қаланың бір атауы деп есептейді. Қытайтанушы Ю.А. Зуевтің зерттеуіне қарағанда қытай жазба деректері бойынша 682 жылы қимақтар түркі тайпаларымен бірге Іле өзенінің алқабындағы Күнді қаласын қытайлардан қорғауға қатысқан деген мәлімет бар.

Дереккөздер