Shejire

Кременевка

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Кременевск қалашығы – VIII-X ғасырларда болған қалашық орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. Биіктігі теңіз деңгейінен 1123 м.

Зерттелуі

Қалашықты 1903 жылы В.А. Каллаур ашып, зерттеген. 1940 жылы Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспедициясы, 2000 жылы Қазақстан ҒА-на қарасты Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қала таудың шығыс еңісінде орын тепкен. Құрылысы тікбұрышты, шығысында биіктігі 8 м, батысында 4 м топырақ дуалмен қоршалған. Ішкі алаңы 54×70 м. Қабырғасының ортасындағы бұрыштарда орналасқан биіктігі 1-2 м мұнараның үйіндісі байқалады. Қақпасы болған солтүстік-шығыс бұрыштағы ең биік саналған үйінді қалдықты мұнараның биіктігі 3 м-дей. Үйіндінің солтүстік жағынан аумағы 35×46 м екінші төбешік келіп жалғасады. Оны қоршап тұрған дуалдың қазіргі кездегі биіктігі 0,5-0,6 м. Қалашық орнында керамиканың сынықтары кездеседі, бір бөлігінде бейіт орын алған. Шығыс жағында кірпіш зауыты бар.

Дереккөздер

Сведения

Қалануы
VIII-XII ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
42°33′39″ с. е. 70°39′27″ ш. б. / 42.56083° с. е. 70.65750° ш. б. / 42.56083; 70.65750 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…