Көшелек Еламанұлы
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Көшелек Еламанұлы - (1874, Шыңғырлау ауданы, Аша а. — 1951, сонда) — суырып салма ақын, жыршы. Көптеген өлеңдері ауыздан-ауызға тараумен сақталған. Жас кезінде Қобда, Елек, Шыңғырлау өңіріне белгілі ақын Жолмағамбет Сағынтайұлының қасына еріп, ән-күй, жыр, дастан үйренеді. Орал, Ақтөбе, Атырау, Орынбор аймақтарын аралап, жыр айтады. 1904-05 ж. Орынбор қаласында өткен суырыпсалма ақындармен айтыста жазылып алынған өлең жолдары күні бүгінге дейін сондағы мұражайда сақтаулы. Көшелектің Ұлы Отан соғысы кезіңде шығарған өлендері Орал облысы газетінде жарияланған.