Shejire

Константин Петрович Персидский

Место в родословной
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Константин Петрович Персидский (20.10.1903 жыл, Ресей, Сызрань қаласы — 22.6. 1970 жыл, Алматы) — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1946), профессор (1934), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1951), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғылым қайраткері (1945).

1927 Қазан университетін бітірген — 40 жылдары осы университетте, 1940 — 1968 жылдары Қазақ ұлттық университетінде 1966 — 1970 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтында ғылыми-педагогика және басшылық қызметтер атқарған.

Ғылыми еңбектер

Негізгі еңбектері дифференциялық теңдеулерді шешудегі орнықтылық теориясына арналған. Ол математикадағы жаңа бағыт — сызықтық емес кеңістіктердегі дифференциалдық және кейбір функционалдық теңдеулер теориясының негізін салды. Қазақстанның жоғары оқу орындарында математиканы оқытуды ұйымдастыруға зор еңбек сіңірді.

Марапаттар

2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер