Shejire

Комуч

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Комуч - Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті. 1918 жылы маусым айында Самара қаласында өздерін «уақытша билік» деп жариялаған ақ гвардияшылар мен эсерлердің үкіметі. Олар кеңес үкіметінің декреттерінің күшін жойып, өндіріс орындарын, банктерді, сауда орындарын иелеріне қайтарып беру жөнінде шешім шығарды. Комучтің билігі Самара, Саратов, Симбирск, Қазан, Уфа губернияларына таралды. Алашорда үкіметі Комучпен әскери-саяси одақ құрды. Уфа директориясы құрылган соң Комуч «Құрылтай жиналысы мүшелерінің сиезі» деп аталынды. Бұл 1918 жылдың желтоқсан айында таратылды.

Дереккөздер

Источник: https://kk.wikipedia.org/wiki/Комуч

Этот текст адаптирован из указанного источника и используется по лицензии CC BY-SA.