Shejire

Көлқұдық

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Көлқұдық - ортағасырлық қалашық орны. Көлқұдық ауылының солтүстігінде, Шәуілдір - Балтакөл тас жолының оң жағында 500 м жерде. 2004 ж. Отырар мемлекеттік археология қорық-музейі мен Шымкент қаласының археология және этнология орталығы бірлесіп жасақтаған археология экспедициясы (Н.Алдабергенов, С.Ахмет, З.Исабек) зерттеген. Төрткүл түріндегі қалашық болғандығы анықталды. Қазіргі орны төртбұрышты келген төбе. Солтүстік жағының ұзындығы 65 м, оңтүстіктің ұзындығы 60 м, батысы мен шығысының ұзындығы 60 м. Биіктігі 4 м. 8 мұнара орны байқалады. Қорған қабырғасын айналдыра тереңдігі 2,30 м ор қазылған. 40—50 м қашықтықтан суландыру жүйесінің орны анықталған. Жинастырған археология заттарға (қыш ыдыстар сынықтары, т.б.) қарағанда, к-ты халық 9—11 ғасырлар шенінде мекендеген. Олар егін егумен, мал өсірумен айналысқан.

Дереккөздер