Кенесары хан ескерткіші
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Кенесары хан ескерткіші — Астана қаласындағы соңғы қазақ ханы Кенесары Қасымұлына қойылған. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші. Мүсінші — Нұрлан Далбай, сәулетшісі — Шота Уәлиханов.
Тарихы
Жалпы салмағы 10 тоннадан астам, қола — 8 тонна, болат каркас. Жобасы мен орнатылатын орнын президент Нұрсұлтан Назарбаев мақұлдаған. Ескерткіштің ресми ашылуы 2001 жылдың 11 мамырында өтті. Салтанат барысында монументке алғашқы болып гүл шоғын қойған — ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев.