Shejire

Келес өңірі ескерткіштері

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Келес өңірі ескерткіштері - ежелгі тайпалардан қалған ескерткіштер. Түркістан облысы Келес ауданы Келес өзенінің оң және сол жақ жағалауларында ежелгі тас дәуірінен орта ғасырларға дейінгі мерзімде өмір сүрген алғашқы адамдар мен тайпалардың тіршілік үшін жасаған құрал-сайман, қару-жарақ, мекенжайларын білдіреді. Бұлар осы өңірлерде, әсіресе, Қазығұрт тауының бөктері мен Келес даласында көптеп кездеседі. 1973 - 74 жылдары тас дәуірінің ескерткіштерін археолог Х.Алпысбаев зерттеген. Ол қасиетті Қазығұрттың бөктері мен Өтем, Қаржантау тауларынан, Жалпақсу I, ІІ, ІІІ, Қияқты, Су-сіңген, Жалғызарша жерлерінен көне тас дәуірлерінің тұрақты мекен-жайларын тапқан. Сондай-ақ, 1948 - 58 жылдары Г.В. Григорьев, А.Н. Бернштам, Г.И. Пацевич, А.Т. Максимовалар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, б.з.б. 3-6 ғасырларда өмір сүрген тайпалардың обаларын, 9 -12 ғасырлардағы тарихи тұрғындарды тұрақты мекенжайларын зерттеғен. Ал 1990 жылдан бастап Д.Тәлеев қаңлы дәуірінен орта ғасырдың орта кезі (10 - 12 ғ.) мен соңғы кезеңінің археол. ескерткіштерін ғылыми айналымға енгізді.

Дереккөздер