Кедей Жәнібекұлы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Кедей Жәнібекұлы (1700 – 1768) – би. Кіші жүздің Шөмекей руы Аспан бұтағынан шыққан. Ырғыз өңірінде туып-өскен. 1748 ж. 5 қазанда Ресей патшайымы Елизаветаның атына Нұралыны хан сайлау жөнінде хат жазған Кіші жүздің игі жақсыларының қатарында Кедей би де болған. Хиуа хандығына барып (1749), Нұралы ханның тапсырмасымен А.Тевкелевпен келіссөздер жүргізген (1750). Кедей би жөнінде дерек тапшы болғанымен, құжат материалдарында оның ақкете Әжібай, Алтай батыр, Жәнібек тархан, Мәмбет аталықмен бірге ел ісіне араласып, түйінді мәселелерді шешуге қатысқаны туралы айтылады. Шежіре: Кедей-Жәнібек-Айтқұл-Тоқымбет (Төбет)–Есімбет-Аспан-Шомекей[