Shejire

Карл Молдахметұлы Байпақов

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Карл Молдахметұлы Байпақов (17 қараша 1940 жылы, Алматы облысы Талғар қаласы - 23 қараша 2018 жылы) – тарих ғылым докторы (1986), профессор (1995), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші (1966–1971), аға ғылым қызметкер (1971–1973), бөлім меңгерушісі (1973–1988), археологиялық ортаның жетекшісі (1988–1991), институт директорының орынбасары (1991) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Археологияқ институтының директоры. Албан тайпасының Құсық руынан шыққан. «Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қала мәдениеті (VІ–ХVІІІ ғасырлар)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. Байпақов бірнеше халықараралық конференцияларға қатысты (Дрезден, 1984; Вашингтон, 1986; Токио, 1988; Париж, 1992; Пекин, 1992). ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті (1991). ЮНЕСКО-ның Орта Азия тарихымен айналысатын Халықараралық ғылыми комитетті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі. Байпақов 22 монография, 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986). «Парасат» орденімен марапатталған.

Шығармалары

Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья, А.-А., 1986; По следам древних городов Казахстана (Отрарский оазис), А.-А., 1990; Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан, А., 1992; История древнего Казахстана, А., 1994; Средневековые города Казахстана на Великом Шёлковом пути, А., 1998; Туркестан – очаг цивилизации, А., 2000.

Сыртқы сілтемелер

http://www.aef.kz/kz/aef2011/speakers/58776/(қолжетпейтін сілтеме) http://www.egemen.kz/22497.html Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы. http://www.shymkent.gov.kz/kaz/news/detail/2443(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Карл Молдахметұлы Байпақов
Жұмыс орны
Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты
Туған жері
Талғар, Қазақ КСР, КСРО
Туған күні
17 қараша 1940 (1940-11-17)
Азаматтығы
 КСРО  Қазақстан
Альма-матер
ЛМУ тарих факультеті (1963)
Ғылыми аясы
археология
Ғылыми жетекші
К. А. Ақышев, В. М. Массон
Ғылыми дәрежесі
тарих ғылымдарының докторы