Итарқа
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Итарқа – Найманжал тауының шығысындағы қыстау.
Географиялық орны
Павлодар облысы Май ауданы Қызылқұдық қонысынан батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Қыстау ірілі-ұсақты шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Құтансор, шығысында Жамантұз, оңтүстігінде Жақсытұз, батысында тағы басқа ұсақ, тұзды көлдермен шектеседі. Маңында Тақыл, Ақтас қыстаулары бар. Мал қыстағы ретінде пайдаланылады.