Shejire

Ілияс Қабылов

Место в родословной
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Ілияс Қабылов (18 қазан 1904, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы – 26 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет және қоғам қайраткері. Көрнекті публицист, әдеби сыншы, философ ретінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Казахстанская правда» газеттерінде мақалалар жариялаған. 1937 жылы жалн жаламен айыпталып қамалған. Кейін, ату жазасына кесілген. 1998 жылы 15 мамырда толық ақталды.

Әке-шешесі 1911 жылдан бастап Ақмешіт (қазіргі Қызылорда), Әулиеата, Ташкент қалаларында тұрған. 1918 – 22 жылдары Ташкент еңбек коммунасында орталау білім алған. Кейін Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін (1925), Қызыл профессура институтын (1933) бітірген. 1925 – 28 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде философия және құқықтанудан оқытушы 1928 – 30 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің баспа жөніндегі сектор меңгерушісі, мәдениет және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары 1931 – 33 жылдары Шығыс еңбекшілері коммунистік университеті философия кафедрасының меңгерушісі болды. 1934 – 37 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚазПИ (ҚазҰПУ) философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазақ АКСР-і Кеңестерінің 9-съезіне (1935) қатынасып, Атқару комитетінің мүшелігіне сайланған.

Дереккөздер

Сведения

персона
Ілияс Қабылов
Білімі
жоғары
Мансабы
мемлекет және қоғам қайраткері
Партиясы
Кеңес Одағының Коммунистік партиясы
Туған жері
Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылы
Туған күні
18 қазан 1904 (1904-10-18)
Азаматтығы
қазақ
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
26 ақпан 1938 (1938-02-26) (33 жас)