Shejire

Іле ұшқаты

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Іле ұшқаты (лат. Lonicera iliensis) – ұшқаттар тұқымдасына жататын бұта. Іле өзенінің аңғарында кездеседі. Биіктігі 1,5 м-ге жетеді. Ескі бұталары сұр, қатпарлы қабықты; жас өркендері алқызыл сұр түсті, барқыт тәрізді түк басқан. Жапырақтары сопақтау, қандауыр пішінді, орташа ұзындығы 2,5 см, ені 5-7 мм. Гүлсидамы орташа жапырақ қолтығынан шығады, күлтесі сарғыш түсті, түбек тәрізді, ұзындығы 10 мм. Мамыр-маусымда гүлдеп, маусым-шілдеде жеміс салады. Жемісі қара көк түсті, шар тәрізді, ұзындығы 6-7 мм. Сәндік үшін өсіріледі. Сирек кездесетін эндемик. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Іле ұшқаты (Lonіctra іlіensіs) – ұшқат туысына жататын бұта. Қазақстанда Іле өз-нің атырабындағы тау етектерінде, өзен аңғарындағы терек-тал өскен ормандар мен бұталы тоғайлардың арасында кездеседі. Биікт. 1,5 м-дей, сабағы жіңішке, өте көп қатты бұтақты. Жапырақтары жіңішке, пішіні қандауыр тәрізді, ұзындығы 2,5 см, ені 5 – 7 мм. Гүлі сары түсті, қос жынысты, олар масақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Жемісі – қара көк түсті, шар тәрізді дәнек. Өте әдемі өсімдік, сәндік үшін өсіріледі. І. ұ. өте сирек кездеседі, жылдан жылға таралу аймағы азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Іле өңірінің эндемигі ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Дереккөздер

Әдеб.: Красная книга Казахстана, ч. 2, А.-А., 1981. Р. Закирова