Shejire

Ілбіс қаған

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Сы Жабғу қаған (қытайша: 肆葉護可汗 - Сыеху кэхань, жеке аты қытайша: 阿史那咥力 - Ашина Сыли) —— 631 жылдан 633 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының билеушісі. Нушеби тайпасының қолдауына ие болған. Нушеби тайпасының және бай Пайкенд аймағының билеушісі Нишу Дулудың қолдауымен Дулу тайпасының қолдауын иемденген Баһадүр қағанды тақтан тайдырған.

Басқаруы

Нушеби тайпасының билеушілері жаңа қаған Батыс Түрік қағанытында әкесі Тон қағанның кезіндегі бірлікті қалпына келтіреді деп ойлады. Қаған билікке келісімен сеяньтоға қарсы жорыққа аттанды. Нәтижесінде қаған қолы талқандалды. Қаған өзінің жаман қасиеттерін: қырсықтығын, ызақорлығын, күмәншілдігін көрсете бастады. Ол Или хан жайлы қаңқу сөздер естіп, оны жазалауға бұйрық берді. Нишу Дулу да көп ұзамай қағанның оны өлтіретінін біліп Қарашарға қашады. Муби Тархан нушебиліктерден қол жинап қағанның қосынына аттанды. Қаған қаңлылардың жеріне қарай қашты. Тан империясының жылнамасының хабарлауынша, ол құсадан қайтыс болған. Сюаньцзан өзінің Да Тан си юйцзи еңбегінде, Ілбіс қағанның будда ғибадатханасын тонамақ болған сәтте Балхта қаза болды дейді. 663 жылы Қарашара Нишу Дулу хан оралып, нушебиліктер оны қаған етіп сайлады.

Тағы қараңыз

Место в родословной

Сведения

персона
Ілбіс қаған
Діні
Тәңіршілдік
Әкесі
Тон қаған
Ізашары
Баһадүр қаған
Ізбасары
Нишу Дулу қаған
Қайтыс болуы
633 (0633)
Дүниеге келуі
белгісіз
Түрік қағанатының билеушілері
Бумын қаған • Қара-Еске қаған • Мұқан қаған • Тобо қаған • Амрак қаған • Елтегін Бұйрық қаған • Баға Ышбара қаған • Жағбу Баға қаған • Тұлан қаған • Тардуш қаға…
Батыс Түрік қағанатының билеушілері
Елтегін Бұйрық қаған • Басыл Тегін қаған • Таман қаған • Шегу қаған • Тон қаған • Баһадүр қаған • Сы Жабғу қаған • Нишу Дулу қаған • Ешбар Елтеріс қаған • Ашина…