Shejire

Хамза Жармұхамедұлы Абдуллин

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Kazakh Writer
Unknown authorUnknown author · CC BY 4.0

Хамза Абдуллин (10 ақпан 1919 - 2001) — ақын, аудармашы. Грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» поэмасын қазақ тіліне аударуымен танымал. Арғын тайпасы Қарауыл руынан шыққан. 1932-1936 жж. Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы жұмысшылар факультетінде оқиды. Бітірген соң Қызылжарда (Петропавлда) облыстық Халық ағарту бөлімінде қызмет істейді. 1937-1940 жж. Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтында оқып, оны тамамдағаннан кейін, «Социалистік Қазақстан» газетінде, Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде, «Жаңа фильм» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1941 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түсіп, концлагерьдің тауқыметін басынан өткереді. Кейін Мұстафа Шоқай ұйымдастырған Түркістан легионының қатарында болады. Абдуллиннің алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастаған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, «Шойын жолда» атты дастаны бірінші бәйгеге ие болды. Абдуллин шығармашылығының негізгі саласы – көркем аударма. Солардың елеулісі – Грузияның ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» дастаны.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Хамза Жармұхамедұлы Абдуллин
Туған жері
Мағжан Жұмабаев ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы
Туған күні
10 ақпан 1919 (1919-02-10)
Азаматтығы
КСРО → Қазақстан
Қайтыс болған күні
2001 (2001)
Шығармалардың тілі
қазақ тілі
Туған кездегі есімі
Хамза Жармұхамедұлы Абдуллин