Хакімжан Ибрагимұлы Мұрсәлімов
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Хакімжан Ибрагимұлы Мұрсәлімов (13.6.1927 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Мешін ауылы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1973), профессор (1980). Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1949, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Геология барлау партиялары мен экспедицияларында инженер қызметтерде (1949–60), Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында сектор, бөлім меңгерушісі, интститут директорының орынбасары (1960–84), КСРО Геология минстрлігінің Басшы қызметкерлер мен мамандардың білімін жетілдіру институты бөлімшесінің директоры, кафедра меңгерушісі (1984) қызметтерін атқарды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.