Shejire

Гүлшара

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Гүлшара қалашығы – ортағасырлық қалашық орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мойынқұм ауданы, Ынталы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағасында орналасқан.

Сипаты

Гүлшараны 1989 жылы Қазақ ұлттық университеті археологиялық экспедициясы (жетекшісі М.Елеуов) ашқан. Қалашық шахристан мен ішкі қамалдан (цитадельден) тұрады. Шахристан бұрыштары әлемнің әр тарапынан бағытталған, трапеция пішіндес төбе. Оның аумағы 130×100–120 м, биіктігі 2–2,5 м. Батыс және шығыс жағының орта тұсында екі жағынан мұнарасы бар кіреберіс жері болғандығы анықталды. Ішкі қамал аумағы 45×50 м, биіктігі 4 м төбе. Ол шахристанның орталық бөлігіне орналасқан. Шахристанның оңтүстік-батыс бұрышынан 15 м шығысқа қарай аумағы 2×3 м тікқазба (шурф) түсіріліп, қалыңдығы 1,3 м мәдени қабат аршылған. Тік қазбадан құм, құмыра, тагора, табақша және өзге де қыш ыдыстар сынықтары алынды. Бұлардың бәрі сырланбаған ыдыстар болып табылады. Материалдарға қарап, Гүлшара қалашығын тұрғындар VIII-XII ғасырларда мекендегені, олар егін егумен және мал өсірумен шұғылданған деп тұжырым жасауға болады.

Дереккөздер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Сведения

Қалануы
VIII-XII ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
44°22′00″ с. е. 73°00′00″ ш. б. / 44.36667° с. е. 73.00000° ш. б. / 44.36667; 73.00000 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…