Гийас ад-Дин әл-Женди
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Гийас ад-Дин әл-Женди, Гийас ад-Дин Әбу-л-Мадж Мухаммад ибн ол-Хасан ибн Ибраһим (туған, өлген жылы белгісіз, Жент қаласы) — ақын. Алғашқы білімін Жентте алған. Сонан соң Хорезм өлкесінің бас шаһары Үргеніште (Джурджанда) білімін толықтырған. Әдебиет пен тарих, тіл мен фиқһ секілді ғылым салаларын терең меңгерген Гийас ад-Дин әл-Женди кейін туған қаласына қайта оралған. Ол оқымысты ақындар санатына жақын болған. Ибн әл-Фуати оны "тамаша ақындардың бірі еді, өлеңдері де ғажайып" деп келіп,
деген жыр үзіндісін келтіреді.