Shejire

Геннадий Иванович Толмачев

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Геннадий Иванович Толмачев (8.4.1939, Алматы - 2006) - жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты

Өмірбаяны

ҚазҰУ-ды (1963) бітірген. КОКП ОК-і жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1972). 1961 - 65 ж. "Казахстанская правда" газетінде, 1965 - 69 ж. "Комсомольская правданың" Қазақстандағы тілшісі, 1975 - 82 ж. "Огни Алатау" газетінің бас редакторы, 1991 - 95 ж. "Народная Конгресс Казахстана" газетінің бас редакторы, 1985 - 92 және 1995 - 1999 ж. "Простор" журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.

Шығармалары

"Простор" журналында повесі

"Агроном из легенды" "Четыре ночи тревоги" жарияланған. 1974 ж. "Четыре ночи тревоги" деген атпен повестер жинағы 1978 ж. "Дело в поцелуе" сықақ әңгімелер кітабы "Не прощаюсь с друзьямн" (1990) "Повесть об Олжасе" (1995) "50 встреч с Д.А. Кунаевым" (1997) "Лидер" (Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев туралы деректі повесть, 2000) "Уж замуж невтерпещь" (2001) секілді повестері мен әнгіме-естеліктер кітабы жарық көрген. О.Әубәкіровтің "Сиқыршы" сықақ әңгімелер кітабын орыс тіліне (1976) аударған.

Марапаттары

"Халықтар достығы" орденімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Место в родословной