Shejire

Ғани Әлімұлы Қалиев

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ғани Әлімұлы Қалиев (19 шілде 1938, Белбасар, Жамбыл облысы — 12 наурыз 2024) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1994).

Өмірбаяны

Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан. Қырғыз мемлекеттік университетін (1962) бітірген. 1963–64 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы. 1968–84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988–96). 1984–88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1991–96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды. 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан социал-демократия «Ауыл» партиясының төрағасы. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары агро теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылық технология ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын алудың әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Ғани Әлімұлы Қалиев
Қызметі
экономист
Туған жері
Белбасар, Шу ауданы, Жамбыл облысы
Туған күні
19 шілде 1938 (1938-07-19)
Азаматтығы
 КСРО → Қазақстан
Толық есімі
Ғани Әлімұлы Қалиев
Қайтыс болған күні
12 наурыз 2024 (2024-03-12) (85 жас)
Марапаттары мен сыйлықтары
.mw-parser-output .ts-Қатар{width:auto;border-collapse:collapse}.mw-parser-output .ts-Қатар td{padding-right:2px;padding-left:2px;text-align:center}.mw-parser-o…