Есенсары Құнанбайұлы
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Есенсары Құнанбаев Тұрлыбекұлы (1890 жыл, Семей облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы - 1961 жыл, Семей облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы) — ақын. Сәдір ақыннан тәлім-тәрбие алып, он үш жасынан өлең шығарады, халық ауыз әдебиеті үлгілері мен Абай, Әріп, Әсет ақындардың шығармаларын жаттап алып, ел ішіне таратады. Бірнеше жыл Әсет Найманбаевтың қасына еріп, оның ақындық, әншілік мектебінен өтеді. Есенсары айтыс ақыны ретінде де танымал болған. 1939 жылы халық ақындарының республикалық слетіне қатысып, жыр алыбы Жамбылмен сөз қағыстырады. 1945 жылы белгілі халық ақыны Сапарғали Әлімбетовпен айтысқа түседі. Есенсары — көптеген өлеңдер мен толғаулардың, дастандардың авторы. Оның:
“Гүлбаhрам — Сәбит” “Қазақ қызы” “Тобағұл батыр” “Бөдес батыр” “Ғаббасұлы Сабыржан” “Мәлік батыр” (Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллинге арналған) дастандары “Жеке дара ана” атты хикаясы жұртшылыққа танымал.