Есенгүл Кәпқызы
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Есенгүл Кәпқызы – журналист, көркемсөзші, филология ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі. 1994 жылы еларалық «Шалқар» газетінен бастап, кейіннен «Алтын бесік» журналында, Би-Би-Си радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде қызмет атқарған. 1998-2014 жылдар аралығында Еларалық «Түркістан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды, журналистер тобын басқарып, веб сайттың редакторы болды. 2004-2006 жылдары BBC-дің қазақ қызметінде фрилансер қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары "Азаттық" радиосының "Қазақтар әлемде" хабарының жүргізушісі. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі тұңғыш интернет-газеті «Тарланға» басшылық етті. 2009 жылы "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы" қоғамдық қорының негізін қалаған, бүгінде «Мінбер» интернет-порталына жетекшілік етеді. "Мінбер" журналистерді қолдау орталығына жетекшілік ете жүріп, Қазақ журналистеріне арналған елуден астам тренинг, семинар, тағы басқа да журналистерге арналған іс-шаралар ұйымдастырған. 2009-2012 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде "Журналистік этика және құқық мәселелер" тақырыбында дәріс оқыды. 2014-2016 жылдары Сүлейман Демирель университетінің Филология және педагогика ғылымдары факультеті "Журналистика" кафедрасының меңгерушісі. 2016-2023 жылдары Сүлейман Демирель университетінің Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы 2023-2026 жылдары SDU университетінің Ассистент профессоры 2026- жылдан SDU университетінің Қауымдастырылған профессоры 2018 жылы Болашақ стипендиаты атанып, Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінің International and Multimedia Journalism мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған. "Медианет" халықаралық журналистика мектебі ұйымдастырған семинар-тренингтердің, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған журналистік тренингтердің, Internews-Kazakhstan және "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинар-тренингтердің тренері.
Шығармалары
2007 жылы "Сөздің шыны" ("Ел шежіре" баспасы) 2010 жылы "Жалын" баспасынан "Жас толқын" сериясымен "Жырақта қалған тағдырлар" публицистикалық мақалалар жинағы 2013 жылы "Қазығұрт" баспасынан "Ой түбінде жатқан сөз" атты публицистикалық жинақтары жарық көрген. 2013 жылы "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы шығарған "Журналистік білім беру: инновациялар, жаңа технологиялар" оқу-әдістемелік құралының жалпы редакциясын басқарған. 2019 жылы Internews-Kazakhstan қоры ұйымдастырған "Медиасауат жөніндегі оқу құралы: жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған" әдістемелік оқулығының қазақтілді нұсқасын дайындауға қатысқан. 2020 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған «Бизнес журналистика» кітабының редакторы және телавторы.
Жетістіктері
2000 жылы ол «Сорос-Қазақстан» қорының «Баспасөз және миграция» номинациясы бойынша жүлделі орнына ие болды. 2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, 2004 жылы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғысымен» марапатталады. 2010 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының грантына, 2011 жылы "Даму" қоры ұйымдастырған "Үздік экономикалық мақалалар" конкурсының жеңімпазы. 2011 жылы "Нұр Отан" партиясының жыл сайынғы дәстүрлі "Нұр Сұңқар" сыйлығының иегері. 2013 жылы Сорос Қазақстан қорының "Анна Александрова" атындағы грантының иегері. 2016 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы» медалімен марапатталған. 2018 жылы Ақпарат саласының үздігі. 2018 жылы "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.