Shejire

Екіөгіз

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Екіөгіз– орта ғасырларда Іле алқабында болған қала атауы. Махмұт Қашқаридің (ІІ ғ.) ортасында көрсетілген және В.Рубруктің күнделігінде де айтылған. Рубрук қаланың Іле өзенінің шығыс шетінде орналасқандығы, онда парсы көпестерінің арнайы тұрақтары болғандығы жайында жазған. Зерттеушілердің болжауынша, қазіргі Алматы облысының Көксу өзені бойындағы Дүнгене төбе Екіөгіздің орны болуы мүмкін. Бұл төбеле 1939 жылы Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам), кейіннен 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының (жетекшісі К.Байпақов) зерттеу жүргізген. Қаланың орны төрт-бүрышты, қабырғаларының ұзына бойы мен бұрыштарында болған дөңгелек мұнаралардың орындары анық сақталған. Аумағы 675x565 м. Төбенің үстінен қазылған ұңғымадан және ескерткіштің үстінен табылған қыш ыдыстардың сынықтары қаланың 8-9 ғасырларда болғанын айғақтайды.

Дереккөздер