Shejire

Едіге Айдарбекұлы Масанов

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Едіге Айдарбекұлы Масанов (9 ақпан 1922(19220209), Семей — 14 шілде 1965, Алматы) — қазақ кеңес этнографы.

Өмірбаяны

Мәскеудің М.В. Ломоносов атындағы университеттің тарих факультетін бітірді. КСРО ҒА Миклухо-Маклай атындағы этнография институтында "19 ғасырдың 2 жартысы - 20 ғасырдың басындағы қазақ халқының үй кәсіпшілігі мен қол өнері" деген тақырыпта кандидат диссертация қорғады. ҚазКСР Ғылым академиясы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында аға ғылыми қызметкер болып істеп, республиканың әр түрлі аудандарына жіберілген этнография экспедицияларды басқарды. Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин жайлы құнды деректер жариялады. Оның "КСРО-дағы қазақ халқын этнографиялық тұрғыдан зерттеу жөніндегі очерктері" - революцияға дейінгі Қазақстан жайлы этнографиялық тұңғыш шығарма.

Отбасы

Баласы — Нұрболат Едігеұлы Масанов.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Едіге Айдарбекұлы Масанов
Жұмыс орны
ҚазКСР Ғылым академиясы
Туған жері
Семей
Туған күні
9 ақпан 1922 (1922-02-09)
Азаматтығы
ҚазКСР
Ғылыми аясы
этнограф
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
14 шілде 1965 (1965-07-14) (43 жас)