Shejire

Дымкеш Мұқанов

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Kino LENIN in Karaganda, Kasachstan
User:Wassily · CC BY-SA 3.0

Дымкеш Мұқанов (26.6. 1936 жылы туған, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Текеқараөзек ауылы) – ғалым, техника ғылымдардарының докторы (2000).

Өмірбаяны

Дымкеш Мұқанов Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) электр-техника институтын бітірген (1959). Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1959–60), Қарағанды қаласында комсомол комитетінің 1-хатшысы (1961–64), Қарағанды металлургия комбинатында лаборатория меңгерушісі (1964–70), Бүкілодақтық автоматика ғылыми-зерттеу институтында директор (1971– 80), «Черметавтоматика» ғылыми-өндірістік бірлестігінде бас директор (1980–92), «Казчермет-автоматика» АҚ-ның директоры (1992–99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан ҚР Шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орт-нда директордың орынбасары. «Разработка и внедрение информационно-измерительных систем с использованием физических методов для автоматизации металлургических процессов» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектерді қара металлургия мәселелеріне арналған. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1984, 2005). “Халықтар достығы” орденімен марапатталған.

Шығармалары

Информационные технологии в минерально-сырьевом комплексе, 2003; Индустриально-инновационное развитие Казахстана: потенциал и механизм реализации, А., 2004; Металлургия Казахстана: состояние, инновационный потенциал, тренд развития,

Дереккөздер

Место в родословной