Shejire

Дүйсетай Аймағамбетұлы Шаймұханов

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Дүйсетай Аймағамбетұлы Шаймұханов (1928 жыл, Бұқар жырау ауданы) - Отан тарихы саласындағы маман, тарих ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970). Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.

С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1951). 1946-1951 жылдары Бұқар жырау ауданның Үлгі ауылында және Семізбұғы руднигінде мұғалім, Қарағанды облыстық партия комитетінің лекторы (1951), нұсқаушысы (1957-1960), хатшысы (1963-65). 1952-1956 жылдары Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы. 1956-1957 жылдары мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы облкомитетінің төрағасы, 1960-62, 1965-1972 жылдары Қарағанды политехникалық институты тарих кафедра меңгерушісі, 1974-1982 жылдары Қарағанды дене тәрбиесі педагогикалық институтының ректоры. 1972-1974, 1982 жылдан А. Бөкетов атындағы тарих кафедра меңгерушісі, профессоры. 2005 жылдан КарМТУ ӘГП кафедра профессоры 150-ден астам ғылым еңбектің, 5 монографияның авторы.

Шығармашылығы:

Комсомол Караганды в борьбе за уголь (1958); Создание и развитие черной металлургии Казахстана (1982); Карлаг (1997).

Дереккөздер

Место в родословной