Shejire

Досжан Сексенбайұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Досжан Сексенбайұлы (1838, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы - 1874, Атырау қ.) - ақын. Шыққан тегі - Кіші жүз, Байұлының Есентемір руы. Ел ішінде "Есентемір Досжан" атанған. Досжанның ақындығымен елге ерте танылған. Өмірінің соңғы жылдарында ел әкімдерінің көз қырына ілініп, жаламен ұсталады, отыз алты жасында патша түрмесінде қаза болды. Түрмеде тез ағашына байлаулы жатып айтқан "Даусым, саған не болды?" деген ұзақ толғауы ел арасына кең тараған. Досжан толғауы "Атаман" (1926), "Ақберен" (1972), "XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы" (1985) жинақтарында жарияланған. Досжан ақын бұл толғауында өнер адамының озбырлықка, әділетсіз заманға қарсылығын айқын бейнелеген.

Дереккөздер

Место в родословной