Досбай Есалыұлы
Место в родословнойПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Досбай Есалыұлы (1838, Бәйдібек ауданы Досан ауылы – 1916, сонда) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы Ысты тайпасынан шыққан. 1873 жылы болыс болған, кейіннен ел-жұрты би етіп сайлаған. Ел арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп, халық құрметіне бөленген. 1901 жылы Меккеге қажылыққа барады. Қажылық сапардан оралғаннан кейін той жасап, бұл тойда Зұлпықар, Ергөбек, Алдаберген, Мейірбек ақындар айтысқан. Досбайдың нақыл сөздері ел арасында сақталған. Олардың ішінде ат бапкерлігі, сыншылдығына қатысты айтқандары да бар.