Shejire

Дмитрий Андреевич Венков

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Дмитрий Андреевич Венков (1926 жылы, Ресей, Иваново облысы, Кинешма қаласында туған – 2000 жылы қайтыс болған) – инженер-геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1974 жылы). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы тау-кен институтын бітірген (1950 жылы). Қазақстандағы Обаған геология партиясының бастығы, аға геолог (1950–54 жылдары), Соколов–Сарыбай кен барлау орындарында бас инженер, экспедиция бастығы (1954–58 жылдары), Далалық экспедицияда бас инженер әрі бас геолог (1958–63 жылдары), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде геология бөлімінің бастығы (1963–71 жылдары), бас директоры (1971–82 жылдары), Қазақ КСР-і Геология министрінің орынбасары (1982–87 жылдары) қызметтерін атқарған. 1974 жылы «Разработка эффективной методики поисков и разведки погребенных месторождений бокситов карставого типа (на примере Тургайского прогиба)» деген тақырыпта кандидат диссертация қорғады. Венков 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1984 жылы). 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

«Дмитрий Андреевич Венков» Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2016 жылы.

Дереккөздер

Место в родословной