Shejire

Деляфруз Жүнісқызы Қияқова

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Киякова Деляфруз Жунусовна
Қияқова Деляфруз Жүнісқызы

Фото сделано в Индийском танце в театре оперы и балета имени Навои, Ташкент
Daniyal.aidarov5 · CC BY-SA 4.0

Деляфруз Жүнісқызы Қияқова (17 шілде 1926, Ташкент — 3 мамыр 2004, Алматы, Қазақстан) – қазақ мәдениет қайраткері, балетмейстер, ұстаз. "Гүлдер" ансамблінің тұңғыш балетмейстері.

Өмірбаяны

Әкесі - Алаш қайраткері, заңгер Жүніс Қияқов. Қарқаралы өңірінің тумасы. Жүніс Ташкент қаласында Алаш жұмысын ұйымдастыруға барғанда отбасы құрған. Шешесі - Гүлмүбәрак Шалымбекова. Әпкесі - Гуляфруз Қияқова, белгілі биші, "Шығыс биінің" авторы. 1934 жылы Тамара Ханым атындағы балет мектебіне оқуға түседі. Мәскеу мәдениет институтын бітірген. КСРО Халық әртістері студиясында Моисеева Ирина Алексеевнаның жетекшілігімен оқыды. Деляфруздың шығармашылық қалыптасуына балет шеберлері — Плисецкая Майя Михайловна, Семенова Марина Тимофеевна,Стручкова Раиса Степановна, балетмейстер Голейзовский Касьян Ярославич әсер етті. Деляфруз Қияқова қазақ халық би өнерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлесін қосты. 50-ден астам қазақ және шығыс билерінің авторы. Қияқова Деляфруз Жүнісқызы "Алтын домбыра", "қызылдар-ай", "сарбаздар", "Қуаныш", "Қос алқа", "Ақ бидай", "Аққу", "хрусталь мүсіншелер" және т.б. қазақ эстрадалық және халық билерін шығарды. Қазақконцерт жанындағы "Қыздар-ай" ансамблі мен "Айгүл" ансамблінде би тобын құруға қатысты. Деляфруз Қияқова "Гүлдер" ансамблінің алғашқы балетмейстері еді. 2001 жылы "Қазір би қалмады, тек жамбас қалды" ("Сейчас нет танцев, остались одни бедра") атты кітабы жарық көрді.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Деляфруз Жүнісқызы Қияқова
Ұлты
қазақ
Әкесі
Жүніс Қияқов
Қызметі
Балетмейстер
Туған жері
Ташкент
Туған күні
17 шілде 1926 (1926-07-17)
Осы үшін белгілі
Қазақ ұлттық билерінің авторы
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
3 мамыр 2004 (2004-05-03) (77 жас)