Дарбаза қонысы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Дарбаза– төменгі палеолит дәуіріндегі аңшы тайпалардың мекені. Талас ауданы Қаратау қ-сынан 18 км. Дарбаза деген жерден табылғандықтан осылай аталған. 1961 ж. Қазақ КСР ғылым академиясының палеолит отряды (жетек. Х.Алпысбаев) зерттеген. Қазба жұмыстары үстінде түрлі тас құралдар табылды. Олар шақпақ тастар мен малта тастардан жасалған. Бұлардың ішінде жарғыш өзектас (нуклеус), қол шапқы, кескіш, пышақ, өзге де құралдардың сынықтары бар.