Shejire

Дарабоз ана

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Дарабоз ана (шамамен 1690-1770 жж.) — шешен, әрі би Ескелді ауданының төңірегінде дүниеге келген. Шын есімі Қалипа.

Аңыз

Қайын атасы кенже келінінің өзгелерден ақыл-ойы ерекше екенін біліп, Жолбарыс биге сынатыпты. Сонда би Дарабоз анадан: «Көкке тіреу не болар? Көлге піспек не болар? Терісін теспей етін сорған не болар?» деп сұрапты. Дарабоз ана: «Жілігін шақпай, майын сорса, қара нарды қалтыратқан қаңтар ғой. Жілігін шақпай майын сорса, екі ағайынды ақпан (айы) ғой» деген екен. Сонда Жолбарыс би: «Сенің өз қатарыңнан ойың озық, деп бата беріпті-мыс. Ел ішіндегі мәселелерді бітімгершілікпен шешіп, екі жақты жарастырып отырған. Күйеуі Құлжа табиғатынан жуас адам болғанымен, Дарабоз ананың ықпалымен ол да ел ісіне араласқан екен. Дарабоз ананың көріпкелдік қасиеті болған деседі. Ол қоғамдағы әйел адамдардың орнын көтеруге көп күш салған. Бірде Балпық би Дарабоз анадан: «Әйелдің қандайы жақсы?» деп сұрапты. Сонда Дарабоз ана: «Көшкенде жетелейтін боталы түйесі болса,ерттеп мінетін құлынды биесі болса, алдында бесігі болса, маңдайының несібі болса, әйелдің жақсысы сол болады» деген екен.

Ескерткіш

Ескерткіш Көксу ауданы, Амангелді ауылы, Еңбекші округіне қарасты тас жолдың бойында орналасқан.

Дереккөздер