Дара
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Дара – Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылының батысында 15 км жердегі қыстау. Жайық өзенінің аңғарында. Бағырлай каналының батысында орналасқан. Маңайы тегіс жазықты, солтүстігінде Сәлімшошақ, Құсайын, батысында Ақшкол, Жаңағали жайлауы, оңтүстік-батысында Бестөбе, т.б. қыстаулар бар. Аллювийлі жазықтағы сортаңды қоңыр топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, қара жусан, сұр жусан шөптесіндері өседі.