Shejire

Даңмұрын Кенжебекұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Даңмұрын Кенжебекұлы (1870 жыл, Жалағаш ауданы Аққошқар ауылы – 1923 жыл, Жалағаш ауданы Аламесек (қазіргі Есет батыр ауылы) ауылы) – ақын. Жасында мұсылманша оқып, хат таныған. Егіншілікті кәсіп етіп, арық қаздырып, елдің отырықшылыққа бет бұруына ықпал жасаған. «Даңмұрын арығы» деп аталатын арық қазір де бар. Даңмұрын толғау, терме, арнау өлеңдер мен дастандар шығарған. Олардың негізгі тақырыбы – адамгершілік, әділдік, ел тағдыры. Даңмұрын ақындар айтыстарына да қатысқан. Оның Қаңлы Жүсіппен айтысы «Айтыс» кітабының екінші томына (1965) енген.

Дереккөздер

Место в родословной