Далабай Оспанұлы Ешпанов
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Далабай Оспанұлы Ешпанов (15.10.1926, Қармақшы ауданы, қазіргі Тұрмағамбет ақын ауылы – 16.9.2004, Алматы) – металлург, технология ғылым кандидаты (1965). КСРО-ның еңбек сіңірген кеншісі (1969),Қазақ кен-металлургия институтын (ҚазҰТУ) бітірген (1949).
1949 – 1971 жылдары Жезқазған шахталарында телімді маркшейдер, бас инженер, шахта бастығы, кеніштің бас инженері, директоры; 1971 – 1974 жылдары Ақшатау кен байыту комбинатының директоры; 1974 – 1980 жылдары Жезқазған кен-металлургия комбинатының бас инженері; 1980 – 1987 жылдары Балқаш кен-металлургия комбинатының бас директоры; 1987 – 2004 жылдары «Қазақмыс» корпорациясында бас сарапшы қызметтерін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970). Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.